Бауыр қатерлі ісігі дамуы мүмкін қауіп-қатер тобына тек алкогольге және есірткіге тәуелділігі бар, асоциалды өмір салтын ұстанатын адамдар ғана кірмейтіні бұрыннан дәлелденген. Бұл проблема кез келген адамда туындауы мүмкін, өйткені бауырдың ең көп таралған қатерлі ісігі - гепатоцеллюлярлық карциноманың (ГЦК) қауіп факторларына кез келген сипаттағы бауырдың созылмалы қабыну аурулары жатуы мүмкін.
ГЦК-ның ең көп тараған себебі - созылмалы вирустық В және С гепатиттері, олармен ұзақ уақыт ауырғанда бауыр циррозы пайда болып, талшықты түйіндердің қ атерлі өзгеруі орын алады. Қатерлі ісікті генетикалық бейімділікті, ішімдікке салынуды және ұзақ уақыт бойы темекі шегуді, семіздікті, зат алмасуының сирек кездесетін ауруларын, токсиндердің (афлатоксин, винилхлорид, мышьяк) әсерін қамтитын басқа себептер де тудыруы мүмкін. Соңғы уақытта бауыр қатерлі ісігінің дамуында алкогольсіз майлы бауыр ауруының (АМБА) рөлі артып келеді.
Бүгінгі таңда әлемдегі әрбір бесінші адам созылмалы бауыр ауруларымен өмір сүреді және бұл сан тұрақты түрде өсуде.1-5 Бауыр қалпына келеді және 90% жағдайда созылмалы бауыр ауруларының алдын алуға болады.6
Нақты мәселе - адамдар өздерінің созылмалы ауруы туралы білмеуі мүмкін, өйткені гепатит, стеатоз және цирроз әдетте күдікті симптомдарға ие емес.
Бүгінгі таңда миллиондаған адамдар қатерлі ісік патологиясының кең таралған түріне айналатын созылмалы бауыр ауруларының үдеуін байқамайды.1
Көп жағдайда ауру кеш сатысында анықталып, бұл болжамды нашарлатып қана қоймайды, сонымен қатар қолданыстағы емдеу әдістерінің артықшылықтарын шектейді, емдеу нұсқаларын таңдау мүмкіндігін тарылтады.8
Егер жағдай өзгермесе, 2040 жылға қарай әлемде бауыр қатерлі ісігінен болатын өлім-жітім екі еседен астам артады.9
Бауырдың созылмалы ауруларының бауыр қатерлі ісігіне айналуына жол бермеңіз: В және С вирустық гепатиттерін уақтылы емдеу, жаман әдеттердің болмауы, тұрақты физикалық белсенділік және дұрыс тамақтану бұл аурудың даму қаупін айтарлықтай төмендетеді.
Егер сіз қауіп-қатер тобына кірген болсаңыз, ауруды асқындырып алмай, уақытты жоғалтып алмаңыз. Әр алты ай сайын скринингтен өтіңіз: альфа-фетопротеинге (АФП) талдау жасаңыз және бауыр мен ішастар арты кеңістігінің ультрадыбыстық диагностикасын жасаңыз.
Roche компаниясы күн сайын бауыр қатерлі ісігінің жиілігін бақылау үшін инновациялық және пациенттердің өмірін өзгертетін шешімдерді табу үшін жұмыс істейді. Тек бірге жұмыс істеу арқылы біз созылмалы бауыр аурулары мен ГЦК бар адамдардың өмірін жақсарту үшін айтарлықтай алға жылжи аламыз.
M-KZ-00000699
сілтемелер:
Cheemerla S. and Balakrishnan M. Clin Liver Dis (Hoboken) 2021;17:365–370.
Moon AM, et al. Clin Gastroenterol Hepatol 2020;18:2650–2666.
Ginès P, et al. Hepatology 2022;75:219–228.
Sepanlou SG, et al. Lancet Gastroenterol Hepatol 2020;5:245–66.
Estes C, et al. Hepatology 2018;67:123–133.
Macpherson I, et al. Frontline Gastroenterol 2022;13:367–373
Gilles H, et al. Crit Care Nurs Clin North Am 2022;34:289–301.
Sung H, et al. CA Cancer J Clin 2021;71:209–249