ШС - бұл орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) аутоиммунды ауруы, онда ми мен жұлындағы, көз тамырларындағы жүйке жасушаларының миелин қабығы зақымданады.
ШС - жас адамдардың мүгедектігінің жетекші себептер інің бірі.1 Ауру 20 мен 40 жас аралығындағы адамдарда пайда болып, кейбіреулеріне балалық шағында диагноз қойылады.2
Шашыраңқы склероз аурудың жалпы ағымына, аурудың белсенділігіне және уақыт өте келе мүгедектік белгілерінің тұрақты артуына байланысты жіктеледі. Қайталанатын шашыраңқы склероз (ҚШС), екінші қайтара үдемелі шашыраңқы склероз (ЕҮШС) (аурудың бұл түрі ҚШС-тан кейін жүреді) және бірінші үдемелі шашыраңқы склероз (БҮШС) болады (аурудың бұл түрінде мүгедектік белгілері аурудың бірінші күнінен бастап артады).3
ҚШС - ең көп таралған түрі, ал БҮШС мүгедектіктің ең жылдам дамуымен сипатталады. Әйелдер ҚШС-бен еркектерге қарағанда екі есе жиі ауырады, ал БҮШС-бен әйелдер мен еркектер бірдей ауырады.4
Шашыраңқы склероздың симптомдары әр адамда әр түрлі болады және бұл аурумен екі адам түрліше ауырады. ШС негізіндегі биология барлығына бірдей.
Ең жиі кездесетін симптомдарға мыналар жатады:
көру мүмкіндігінің нашарлауы
аяқтың әлсіздігі және жүрістің бұзылуы
қолдың әлсіздігі
астения, депрессия
сезімталдықтың бұзылуы
жамбас мүшелері функциясының бұзылуы
ШС қандай формасы анықталғанына қарамастан, ауру өмір сүру деңгейі мен сапасын төмендетіп, өршиді. Алайда аурудың ағымын дұрыс таңдалған терапияның көмегімен басқаруға болады, оны мүмкіндігінше ертерек бастау керек. Терапияны ерте тағайындау ШС өршуінің алдын алуға, олардың жиілігін төмендетуге, жағдайды тұрақтандыруға және мүгедектік белгілерінің артуын бәсеңдетуге көмектеседі.
ШС-бен ауыратын көптеген пациенттер қиындықтар мен басқалардың түсінбеушіліктеріне тап болады, диагноз олардың өмірін түбегейлі өзгертеді. Олардың көпшілігі өз жағдайларын ескере отырып, жаңа жұмыс іздеуге мәжбүр, өйткені тиісті заманауи ем болмаған жағдайда, ШС-бен ауыратын әрбір екінші пациент 10 жыл ішінде жұмыс қабілеттілігін жоғалтады.5
M-KZ-00000699
сілтемелер
Murray TJ. (2006). Diagnosis and treatment of multiple sclerosis. BMJ, 322 (7540):525-527
MS International Federation. What is MS? Available at
Клинические рекомендации Рассеянный склероз. Проект, 2019.
Multiple Sclerosis International Federation. (2013). Atlas of MS 2013. Available at:
Thompson AJ, Baneke P. Multiple Sclerosis International Federation (MSIF)