Рош компаниясы фармацевтика саласындағы әлемдегі жетекші компаниялардың бірі және in vitro диагностика және онкологиялық аурулардың гистологиялық диагностикасы бойынша көшбасшы болып табылады. Рош - Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін енгізуді белсенді қолдайтын әлеуметтік жауапты компания. Рош компаниясы - онкологиялық ауруларды, ауыр вирустық инфекцияларды, аутоиммунды қабыну ауруларын, орталық жүйке жүйесі мен зат алмасуының бұзылуын емдеуге бағытталған биотехнологиялық препараттардың жетекші өндірушісі, сондай-ақ қант диабетін өзін-өзі бақылау саласындағы ізашар. Біздің міндетіміз - Қазақстан пациенттері үшін Рош инновациялық препараттарын қолжетімді ету.
Біз ауруларды ерте диагностикалау мен алдын алудан бастап диагноз қоюға, емдеуге және оның тиімділігін бақылауға дейін пациенттердің өмірін өзгертуге және оларға нақты көмек көрсетуге қабілетті инновациялық дәрілік препараттар мен диагностикалық жүйелерді әзірлейміз және өндіреміз.